2024-11-12 17:35
Өмірдің мәні әркімге әрқалай, беймәлім дүние. Көпшілігіміз өзіміздің дұрыс деп санаған жолымызды басқаларға да үлгі еткіміз келіп,“Мен сияқты өмір сүр”деп ақыл айтқымыз келеді. Бірақ әр адамға ортақ қағида болғанымен, ортақ өлшем жоқ екенін ескере бермейміз. Біздің тәжірибеміздегі сәттілік басқаларға келмеуі мүмкін, сондықтан өз ұстанымымызды міндеттеу орынсыз болар. Әркімнің өмір жолы жеке таңдау. Ал “Мен қалай жүрсем,сол дұрыс”деу өзгелерге әсер етудің емес, керісінше, шектеудің бір түрі ғана.