2024-11-20 17:58
ІШІМ АШИДЫ
Мен қоғамдағы бір дүниеге қатты таңқаламын. Мүмкін ойым әлі дұрыс емес шығар. Неге қазақ тілін үйренуге құлшыныс жоқ. Қазақстанда тұратын өзге ұлттар қазақша сөйлеуге талпынбайтындығы ашуымды келтіреді. Тәуелсіздік алғалы елімізде тұрып келе жатқан адамдар қазақша сөйлеуді әлі де намыс көреді. Қанша рет осындай ситуацияларға тап болдым. Әрдайым қазақша жауап беремін, қазақша қызмет талап етемін. Өкінішке орай, орысша жауап береді. Өзім ұялып та кетемін.