2024-12-20 20:09
Сөмкемдегі бөтен қол: базарда болған қызық оқиға
Кішкентай кезімде мамаммен базардан қысқы киімге барғанбыз. Мамамның ашық сөмкесі заттарға толып тұрған еді. Сөмкенің үстінде колготкидің қалыңдығын тексеріп тұрып, сөмкеден бөтен қолды сезіп қалады. Қараса, бір әжей әмиянды алмақшы болып, қолын сұғып жатыр екен. Бірақ сөмке толы болғандықтан, оның қолы ішке байланып қалған. Әжей үндемей қипақтап, қашып кетті.
Сұрастыра келе, бұрыннан базардағы ұрлықшы әжей екен 🥲