2024-12-24 11:27
Адамның сөзі мен сеніміне, жеке басына құрметпен қарау, нағыз адамгершіліктің белгісі. Біз адамды тек адам болғаны үшін жақсы көруді үйренуіміз керек, өйткені мінсіз адам жоқ. Сіздің көңіліңізге жақпаған пікір қате деп, ұнаған пікірдің бәрін дұрыс деп санауға болмайды. Әркімнің дүниетанымы өскен ортасына, көрген-білгеніне, оқыған-түйгеніне,тәрбиесіне қарай қалыптасады. Абай тек намаз оқитындарды ғана жақсы көріп, басқаларын сыртқа теп демеді.Ол жүрекке жақын көрсең,барша адамзатты сүюге шақырды.