2024-12-01 18:00
39 апта басталды…
Алдынғы 3 балапандарымды 40 аптадан асырып туып едім, осы жолы да сондай болайын деп тұр ау…
4-ші жүктілік, арасы жақын болған сооң ба, отырып-тұру, жүру қиын болып жатыр. Түнгі ұйқыны айтпай-ақ қояйын. Бір орында ұзақ отыра алмайсын, не дұрыс жата алмайсын. Ішімнің көлемі де аяққа әжептеуір салмақ түсіріп жатыр. Тез туудың жолдарын қарастырып көрмеппін, тек Аллаға тапсырып қойдым өзімді.