2024-12-02 01:28
Көре алмайды адамдар өскеніңді, Өскеніңді, жақсы жерге көшкеніңді.
Көре алмайды шырақ боп жанғаныңды,
Көре алады таусылып өшкеніңді.
Көре алмайды адамдар өскеніңді, Өскеніңді, мәселе шешкеніңді.
Көре алмайды жыртықты жамағанды,
Көре алады байқамай тескеніңді.
Көре алмайды адамдар өскеніңді, Өскеніңді, игі жолға түскеніңді.
Көре алмайды жылу ап жылығанды,
Көре алады қарайып үскеніңді!