2024-12-03 08:42
Бақыт деген байлар үшін сарай, бақ,
Толғанысы жүру қайтсе қарайлап
Бақыт деген сәттер ғана сүйкімді,
Бақыт деген атқан таңдар арайлап
Жамылғанда шуақты күн көрпесін
Бақыт деген күннің күту ертесін,
Ертесіне еркетайды оятып
Бір бақыт қой иыққа ілу сөмкесін
Жасым өсіп жақындады есті күн,
Сәл жымия ойланамын кешқұрым
Бұл да бақыт балаңменен жарысып
Сабақ оқып, "бірге алу" бестігін
Тірлік етпей тірі жүру жанға сын,
Сол үшін де ой да, қол да талмасын
" шайыңды құй!Шаршап келдім" деп айтар,