2024-12-17 19:49
Мектепте хатшы болып жұмыс жасадым осыдан 7 жылдай бұрын.Бәрі сабаққа кіріп кеткенде,бір апай мені шайға шақыратын.Үйінен қаймақ әкелетін.Бара-бара екеуміз сырлас,ақылшы досқа айналдық.Менің анаммен құрдас еді.1жылдан кейін біз көшіп кеттік.Сонда да арамыз үзілмей,ол ауылдағы қызықтарды, мен жаңа жұмысымды айтып хабарласып жүрдік.Үнемі мені қонаққа келіп кет деп қиылатын.Кейде мен: өзіңді де,қаймағыңды да сағындым деп жазып жіберетінмін.солай 6 жыл араласыппыз.Бір уақыт хат хабарсыз кетті.