2024-12-19 19:50
Тиктокта bekoshinitaly акаунтына жолықтым. Жаңадан студент болған бала өзі тамақ жеп, шын көңілімен жылап отыр, қиналып. Көзілдірігі бу басып кеткен көз жасынан, беті қызарып, көңілі босап 🥹Камераға жылайтын адамдарды жақтырмаймын. Бірақ бұл бала жасанды арнайы жыламағаны көрініп тұр. Аяп, жүрегім елжіреп кетті) комментерді көрсең… 17.5К қолдау-қолпаштау дүниенің әр бір бетінен) жалпы жақсы адамдар көбірек қой, қалай қарасаң да! Бекоштай, шыда, осылай есейіп, білім іздеп, нағыз ер жігіт боласың!