2024-12-20 04:38
Таңертең автобусқа міндім,бір қызық жағдай болды.Бір бала шамамен 12 жаста,мектепке бара жатыр,отырған жерінде ұйықтап отыр😅.Бір апай шамамен 40-тағы келіп: Әй, бала, орын бер! – деп оятады. Бала орнынан тұрып, апайға орын берді, бірақ өзі ұйқысын жалғастырып, енді түрегеп тұрып ұйықтады 😳. Бір-екі рет құлап қала жаздады.
Осыны көріп, ойлайсың: сол апайға өзі ыңғайлы болды ма? Оның да балалары бар шығар, олар да сабаққа ерте тұрады ғой. Кейде үлкендер өздерінің бала болғанын ұмытып кеткен сияқты