2024-12-20 07:25
Бір кезек сондай бір жасап тастап, ішке шаршап келіп ұйықтайтын жұмыстар болар ма еді деп қиялданғанымызды несіне жасырамыз. Әйтеуір күннің көзін көріп, айналамен тіл қатысып, мына жалпақ әлемде нендей жағдаяттар болып жатқанынан хабардар отырасың ғой.
Әйтпесе, алда жалда соғыс өрті тұтанып кетіп немесе топан су, жалынды өрт жалмап жатса да меңіреу адамша хабарсыз отырасың. Айдауылдар беретін "Сақшы" газеті бар. Іші полиция қызметкерлерінің мінсіз қызметіне арналған.