2025-01-15 19:03
Бәрібір бақытты боламын...
Көктемнің соңғы күндері ауыл дүр ете қалды. Бәтиманың баласы Алматыдағы химфакты бітіріп, диплом алып, онымен қоймай, келін алып келіпті.
"Келін болғанда, әлі келін емес дейді. Бәтимадан рұқсат сұрап келіпті. Бетім ай, орыс екен. Қазақша түсінеді, бірақ сөйлемейді дейді". Ертеңгілік шәй құйып, әңгіме бастаған кемпір енді тоқтамайды. Алпысбай кемпіріне аларып бір қарады да, ойланып кетті.