2025-01-17 18:55
Осылай айтады ғой:
“Жұмысқа келсең, үйдегі, жеке өміріңдегі проблемаңды есіктен қалдырып, күліп кір.
Жұмыстағы проблемаңды жұмыста қалдырып, үйге күліп кір.”
Сонда осы ақылды тыңдап жүрген адам іштей құса болып өлуі керек пе?
Әрине, сенің проблемаң ешкімге керек емес. Қиналдың ба, Аллаға айтып таста.
Бірақ кейде сенің жаныңды түсінбей, саған одан сайын қысым жасайтын адамдар бар. Олар сені тірідей көміп жатқанын сезбейді ғой.