2024-12-26 13:30
Байқасам,бұл платформада үйлену,жар іздеу,махаббат тақырыптары көбірек қозғалады екен.Абай атамыздың “Маһаббатсыз дүние бос” деуінде терең мағына жатыр:расында,шынайы сүйіспеншілік болмаған жерде тіршіліктің де сәні жоқ.“Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” деуінде де адамгершілік пен әділет жолын нұсқаған.Ендеше,сіз қай махаббатты іздеп жүрсіз?Жар табу,отбасылық бақытқа ұмтылу ма,әлде баршаға деген сүйіспеншілік пе — таңдау өзіңізде. Бастысы,жүректегі сүйіспеншілік, мейірім адамды биіктететіні хақ