2024-12-26 16:37
Мен қыз іздеймін деп,талаптың тізімін тізбектеп шығу оңай:«Ол андай болуы керек,мындай қабілеттері болса,сұлулығы айға,көркі күнге тең келсе» дейміз.Ал шын танысқанда,«танауы пұшық екен,мынауы жетіспейді» деп мұрын шүйіре қаламыз.Сонда өзіміз қандай жігітпіз,қандай жар бола аламыз?Өзің сұраған қасиеттер сенің бойыңнан табыла ма? Егер таппаса,не істеп дайындаласың? Не өзгертесің? Басқадан талап еткен нәрсені алдымен өзіміз дамытып алғанымыз дұрыс.Сонда ғана өзің іздеген жарға лайық боларың анық.