2024-12-27 13:30
Абайдың қара сөздері – нағыз рухани азық. Онда бос мақтан, жалқаулық, өтірік сияқты адам бойындағы кемшіліктер жан-жақты талданады. Қарап отырсаңыз, бәрі де аса түсінікті, һәм прагматикалық тұрғыда жеткізілген. Сондықтан арагідік қайталап оқып тұрған абзал: күнделікті тірлікте байқалмай қалатын әлсіз тұстарымызды Абайдың сөзі арқылы танып, өзімізді тәрбиелеп отыруға мүмкіндік береді.