2024-12-28 05:05
Поэзия, жыр — біреудің жанын тану емес, қайта өз жаныңды өзгелердің мұңы мен өлеңі арқылы ұғыну сияқты. Мұқағалиді оқыған сайын «шіркін-ай, сол кісілермен бір әңгімелессем ғой» деп армандайсың. Абайды қайта-қайта парақтағанда «қалай ғана мұндай адамдарды ешкім түсінбей кеткен?» деп қамығасың. Адамды бар кезінде, тірі кезінде бағалай білуді ұмытпайық: айналамыздағы шынайы терең жандарды дәл қазір қадірлейік, қазір жақсы көрейік, қазір тыңдап, сырласа білейік.