2024-12-28 06:30
Өткенге өкінбеу—“болған іс болды” деп қол қусырып отыру емес,өткен қателіктерге сын көзбен қарап,сабақ алу.Адам сәтсіздіктерді бастан өткере отырып,шын мәнінде өзін танып,шыңдалады.Болған жағдайды ескерусіз қалдырсақ,келешекте сол олқылықтарды тағы қайталауымыз әбден мүмкін.Өмір жолында қателік жібермеу мүмкін емес,сол қателіктің мәнін түсініп,алдағы уақытта оны болдырмауға тырысу — шынайы өрлеудің жалғыз жолы.Біздің өткеніміз — болашағымызды айқындап беретін бай тәжірибе жиюдың алаңы іспетті.