2024-12-28 09:28
Қыз іздеймін.
Ақылына көркі сай
Қарасаң көзің тоятын,
Сыланып мойын бұратын.
Саналы болсын жүрегі,
Алласын ойлап тұратын.
Қиналсаң сені демейтін,
Дүние-боққа ермейтін.
Бар ма сондай адал дос?
Көрерім сенімен бір дейтін!
Менің жайым сұрасаң
Батыр аңғал, ер аңқау,
Мән бермедім өзіме
Қайтесің енді, көңіл бай
Қалғаны бар жанымда-ай.
Аллаға шүкір етемін,
Қалайша кібір етемін!
Қарасаң маған, сен теңім!
Көре білсең Қарашаш,
Жиреншенің мен, көзіңді аш!
қазақша