2024-12-28 16:22
Мен мында қазақ тілі үшін қырылысып жатсам 4 жасар балам “мен орыспын, орысшаны жақсы көремін” деп сайрап отыр. Не күлерімді, не жыларымды білмедім🤦🏻♀️😂 “Сен қазақсың, мама папаң қазақ ғой” десек бақырып жылады. Үйде толықтай қазақша сөйлейміз, қазақша балабақшаға барады, ағылшынша қосымша сабақтарды да аламыз. Тілдерді білу артық болмайды, бірақ ютубтағы орысша контентті қысқарту керегі анық…