2024-12-28 17:38
Ана ұшақтың Ақтау төбесінде қона алмай жүргенін видеодан көрген сайын жылағым келеді. Көмек сұрап шырылдап, айнала ұшып жүрген жаралы құс сияқты елестейді.
Қайтқан ұшқыштардың да, жолаушылардың да жаны жәннатта болсын.
Енді мұндай оқиға қайталанбасын🙏
Әр мінген ұшағым жерге қонған сайын рольде болған ұшқышқа іштей алғыс айтам. Егер бер жаққа шығып тұрса, өзіне де айтам “көп рахмет!” деп.
Аман-есен жеткізгені үшін ғой алғысым. Батырлар сияқты елестейді ұшқыштар.
Бәріңіз аман болыңыз.