2024-12-29 19:03
Биік, ұлы дүниені ойлау – терең жауапкершілікке жетелейді. Себебі адамзаттың ортақ игілігіне үлес қосу – әрбір саналы жаратылыс иесінің міндеті. Хадисте «Араларыңдағы ең жақсыларың – басқаларға пайдалы болғандарың» делінгендей, өмірдің мәні сол игілік жасауға саяды. Жақсылықты ғылым, қайырымдылық, үлгі-өнеге арқылы жүзеге асырып, пайдаңды тигізсең, адамдықтың биігіне шығасың.