2024-12-30 12:43
Тіл мәселесі Болашақ бағдарламасына да жеткендей: сұхбаттасу кезінде қандай тілде сұрақ қойса, сол тілде жауап беру керек. Менің сұхбатым 90 % орысша болды. Әрине, ол менің ана тілім емес. Мүмкін кішігірім қатемен сөйлеймін. Бірақ мен орыс тілін жетік меңгергенмін деп санаймын. Ғылыми мақалаларды оқып, түсініп, керек деңгейде аудара аламын. Бірақ комиссия мүшесі маған: -Вы разговариваете на русском с акцентом. Вы будете позорить Казахстан,- деп айтты. Ол қалай сонда? Орыс тілін білмегенім үшін…