2025-01-01 06:24
Магистратурада оқуым басталғалы жұмыс сағатын қысқартып,тек ұзақ мерзімді терапиядағы клиенттерімді қалдырдым да,1 реттік консультацияға клиент қабылдамай қойдым.
Бұрын консультацияны мәнсіз деп ойлаппын. Ешнәрсеге үлгермейміз: босқа уақыт құртып, ақша алып қайтемін деп ойлайтынмын.
Екі күнде консультацияның пайдасын,білімім мен тәжірибемнің күшін көрдім.
1 сағаттың ішінде проблеманың түпкі себебін,сценарийін тауып, одан шығудың жолдарын да айтып,стратегиялық жоспар да құрып үлгеріп жатырмын.