2025-01-01 16:03
Үлкен аға-көкелерім, апайларым бар болғандықтан өзімді іштей әлі бір кішкентай сезінемін. Дегенмен де, ескі альбомдарды қарап отырсам, кезінде туыстардың көшін бастап тұрғандардардың талайы бақилық болған екен. Біздің кезек келгенде дәл солар сияқты дана, әділ, қамқор, барлық туысыма бірдей қарайтын жан бола аламыз ба? Жүрегіміздегі туыстық алауын өшіріп алмай, келесі ұрпаққа үлгі бола аламыз ба? - деген сансыз сауал мазалайтыны бар...