2025-01-01 16:42
Ұстазымның тапқыр шешімі 😄🎼➗
Қыста домбыра үйірмесіне қатыса бастадым. Менің таңғы сабақтарыма атам арнайы келіп, апарып тұратын. Бір қызығы, сол үйірмеде таңертеңгі уақытта жалғыз ғана оқушы болдым😅
Домбыра маған оңайға соқпады: саусақтарымды дұрыс қойып, ойнап үйрене алмай-ақ қойдым. Бірақ менің домбырадан ұстазым бұрын математика пәнінің мұғалімі болған екен. Сондықтан ол оқушысыз қалмау үшін домбыра орнына маған математиканы үйретті
Домбырадан гөрі, есеп шығаруда жақсы екенмін 😁