2025-01-02 02:05
Қайырлы таң бәріңізге. Кеше тіркелген едім, біразы Дәулет деп жазып жатыр. 2023 жылдан бері "Dauletten-ді" Дәулет мырзаның командасы жүргізіп келеді. Әрі "Dauletten" атауы заңды түрде тауар белгісі болып, елімізде тіркелгенін ескерткім келеді. Бұл желіге кеше Дәулет Мұқаев та тіркелді. Оны өзінің @daulet_mukayev парақшасынан таба аласыз. Сонда тіркеліп алыңыздар. Ал мына жерді мен, Шамиль Қарақожа жүргіземін, парақшаны басқарамын. Өзім қаржы экспертімін.