2025-01-02 21:23
Бүгін менен бір 17 жастағы ер жігіт “Әпке, мен Қазақстаннан кеткім келеді, болашағымды бұл елге байлағым келмейді, осыған көзқарасыңыз қандай?” деп сұрады. Осыдан 5 жыл алдын осы сұрақты қойса еліңе 70 пайыз/шетелге 30 пайыз өміріңді, көңіліңді бөл дер едім. Бірақ бұл жолы жай ғана “ кете бер, шетел көріп көкжиегің кеңейсін, елде болашағыңды көре алмағныңа өзіңді кінәлама, жағдайыңды көтеріп, болысып, толысқаныңда келерсің елге болмаса бір көмегіңді тигізсең болды” дедім…