2025-01-03 05:10
Кеше жазған постымның астына мынадай сұрақ түсіпті “ мектепте ботаник болдыңыз ба сонда, Жапонияға қалай оқуға түстіңіз? ” деп
Жауабым: мектепте керемет ботаник болғаным жоқ, бірақ талпыныс әрдайым қанымда бар. Талпыныс дегеннің көкесін универге ЕНТ тапсырып грантқа түсе алмаған кезде көрдім. Оқиғамды баяндап берейін.
ЕНТ- ның результаты шыққанда орыс тілсіз 90 балл ғана алдым. Ал медицинаға грантқа түсу үшін 92 балл керек еді..