2025-01-03 18:56
diii008: «Ауылға қыдырып баратын кезімізде бір көкем астындағы атын өлгенше ұратын. Сол кішкентай кезімнен қалған ауыр естелігім әлі күнге дейін жүрегімде таңбадай боп тұрады. Бір күні әдетінше бір тайды аямай күрекпен ұрды, ақырында күрек сынды. Сосын қораға кіргізіп орнына байлап қойды. Көкем кеткен соң қораға кірсем, жаныыыым жылап тұр. Көзінен моншақтай болып жас ағып тұрды. Сонда жүрегім қатты ауырды. Ол кімі негізінде тек атты ғана емес, жалпы мал атаулының бәрін аямайтын еді.