2025-01-03 10:38
Көп балалы отбасында өстім. Шыны керек, кейде қыстық курткаға дейін мектептен тегін алып кидім. Не себепті екені түсінікті шығар. Уақыт өтті, есейдік , кәсіппен айналыса бастадым. Ең алғашқы миллиондар түсе бастағанда, 150-200 мыңға шалбар, 250-300 мыңға аяқ киім, 400-500 мыңға мультибренд курткалар сатып ала бастадым.
Бірақ кейін ол дүниелерге қызығушылығым кетті. Қанша ақша тапсам да, ысырап жасамауға тырысамын. Кейде ойлап қоям: “Бұл не болды өзі?” деп. Сөйтсееем.. Гештальт жауыппын ғой 😂