2025-01-12 11:55
Мұқағали атамыздың
Өз - өзіңді жақсы көр...
Мейлі біреу сені дұшпан санасын,
Мейлі біреу жаман көзбен қарасын.
Сен оларға жақсы көзбен қарай caл,
Сонда олардан жоғарылау боласың.
Бұл өмірде неше түрлі адам бар,
Сен туралы білмей жатып жамандар.
Мына сені жек көреді біліп қой,
Өзін жақсы көре алмайтын адамдар.
Сол үшінде өз - өзіңді жақсы көр!
Алдарыңнан шықсын десең жақсы жол.
Жақсы жанды жолықтырғың келсе егер,
Ең бірінші өзің сондай жақсы бол.