2025-01-14 11:49
1.
Жігіттен бір саты төмен тұрамын!
Мен өзімді әрқашан жігіттен бір саты төмен қоямын. Бұл менің жеке көзқарасым, ешқандай ереже немесе идеология емес, феминизмге де қатысы жоқ. Тек өзімнің ішкі түйсігім мен өмірлік тәжірибемнен туындаған ой.
Нақты мысалдар келтірсем, кейбір істер мен үшін физикалық тұрғыда қиын немесе мүмкін емес. Мысалы, банканың аузын ашу, ауыр зат көтеру, үлкен көлікті басқару, от жағу немесе қар күреу сияқты жұмыстарды өз бетімше істей алмаймын.