2025-01-20 17:47
Осы жолы Қазақстанда бір айдан астам уақыт болдым. Әр күнім бақытты сәттерге толы өтті. Германияда сағынып жүрген барлық тағамдарға асқазанымның "қолы жетті". Біршама салмақ жинасам да, бір сәтке де өкінбедім.
Германияға оралғалы тура 1 апта болды. Әрбір өткен күнде Қазақстанның тағамдарын сағынамын. 😅 Ауа райы жылырақ болса да, үй іші салқын көрінеді. Мүмкін, уақыт өте келе ішкі жан-дүнием қайтадан жылуға толар ма екен?!