2025-02-01 13:43
Кеше қасиетті жұма күні жаныма жақын жан,өз туған жеңгелерімнен де жақын болған нағашы жеңгем өмірден өтті.Алтын жеңгем,асыл жеңгем қандай керемет жан едің.18жас балаң кезіңде келдіңіз атам мен әжеме келін болып.Алтындай ұлдар мен сұлу қыз сыйладыңыз нағашыма.Сұп-сұлу,гүлдей жайнаған алтын жеңешем,артық-ауыс сөзі жоқ,өсек-аяңмен ісі жоқ,жібектей мінезіңіз,жымиған күлкіңіз көз алдымнан кетпейді.Жақсы қасиеттеріңізді айтып тауыса алмаймын жақсы жан.Алла алдыңыздан жарылқасын,бақұл болыңыз жеңеше.