2025-03-07 17:44
Қазақша жазған тредтеріңді міндетсінбеңдерші, өтініш, “Қолдау қайда?” деп. Өз ана тіліңде жазу - қалыпты құбылыс болуы қажет, оны бір “сенсация” етудің керегі жоқ.
Егер “Қазақша посттарым қаралым аз жинайды, сондықтан қазақша контент жасамаймын” десеңіз, онда сіз үшін о баста-ақ қазақ тілінде жүргізудің маңызы болмады деген сөз.
Бұл сіздің қазақша контентке деген ниетіңіздің шынайылығының көрсеткіші деп білемін.