2025-03-02 09:08
Үйленіп алып, әйелiмiздi жақсы көргіміз келмейді, басыма шығып алып би болып кетедi деп...
Күйеуге шығып алып, күйеуімізді жақсы көрмейміз, құтырып кетiп, менi құл қылады деп...
Бала туып алып, баламызды жақсы көре алмаймыз, еркелеп, ырбиып кетер деп...
Туыстарды да жақсы көре алмаймыз, күле қарасаң ақша сұрайды деп...
Көршіге жылы қабақ танытуға тағы қорқамыз, бірдеңе сұрап келер деп...
Бастық болсақ, қол астымыздағыларды жақсы көре алмаймыз, дірілдетіп, қорқытып, жұмысты істетейік деп...