2025-03-10 20:53
Сөйтсе, бұл оқиғаның бастауы 45 жыл бұрын орын алыпты…
Жас кезінде, студент болған шағында, қыстың қақаған суығында Алматыға жолға шықпақшы болған екен. Алайда қар қалың жауып, жол жабылып, аялдамада жалғыз өзі қалып қойыпты. Сол кезде апам жас студент қызды үйіне шақырып, жылы тамағын беріп, түнде қондырып, ертесі күні жолға шығарып салыпты.
Осы бір кішкентай жақсылық арада 45 жыл өткенде немересіне қайтып тұр. Ол тәте біздің құжаттарымызды еш қиындықсыз тез реттеп, барынша көмектесті.