2025-03-14 15:18
Пост жазуға орысшам жетпей, ойымды аударайын деп едім, бірақ аудармашы да дұрыс аудара алмады. Сол себепті қазақша жазып отырмын.
Ұзын сөздің қысқасы, ораза қабыл болсын! Құрбыларымды ауызашарға үйге шақырып, ырымын жасайын деген едім. Қаламыздағы барлық қазақ қыздарына жаздым. Нәтиже? 10 адамның 9-ы: ‘Ораза ұстамаймын, бірақ келемін’ деді. Сондағы ауыз бекіткен қыз – жалғыз құрбым.
Бұл кешті ауызашар деп атауға бола ма? 😂😂😂 Әлде ең маңыздысы – ниет пе?