2025-03-16 00:44
Бір күні сахабаларының қасында отырған Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауты мен сәлемі болсын): “Бауырларымды сағындым”, - деп іштегі шерін тарқатады. Мұны естіп, құлақтары елең ете қалған сахабалар: “Сіздің бауырларыңыз мына біз емес пе?!” - дейді. Сонда Алла елшісі: “Сендер менің жанкешті сахабаларымсыңдар. Әзиз бауырларым, менің қазамнан кейін келеді. Мені көрмесе де иманға келеді, естімесе де айтқандарымды бұлжытпай орындайды. Әрі мені шын сүйеді. Менде оларды жақсы көремін”. - деген екен.