2025-03-16 15:13
Бір кездері тамақ сатам деп ойлағанмын. Болмады. Лағман соза алмайтыным есіме түсті🤣
Бірақ саудаға келуім бірінші рет емес.
Мектепте жазда барахолкада манты,беляши сатып көрдім.
Таң атпай тұрып қамыр илеп,пісіріп,күннің ыстығында сатқан кездерім есімде.
Ұрынған кездерім де көп болды.
Кейде бастаған ісім жүрмей қалды, кейде қателестім.
Кейде бәрін тастап айдалаға кеткім келеді🤣
Кейде бастаған ісің болмайды,бірақ басқа жол ашылады.
Өмірде бәрін байқап көру керек
Сендерде осындай жағдай болды ма?