2025-03-16 09:33
Бір кеште ғашығым екеміз супермаркетке кірдік, аралап жүріп көп емес заттар алдық, жейтіміз бар, қолданатынымыз бар.
Керектіні алып болдық дегенде ғашығыма: қалағаныңды ал, бәрін төлеймін дедім, осы сәтте ол маған жалт қарады да, шын ба ? деді, жәймен басымды изедім, содан супермаркетті әрі аралап, бері аралап ұнағанын қолына жиып алды.
Не алғаны толық есімде жоқ, бірақ көзі жәутеңдеп мені аяды ма екен, әлде ұяты жібермеді ме, бәлкім ақылға салған болар, қалауы 9-10 мың арасы болды..