2025-03-10 20:53
Жақсылық бумеранг сияқты…
Балалық шағымда адамның жасаған игі істері кейін немересіне оралатын қысқа видеороликтерді көп көретінмін. Бірақ ондай жағдай бір күні өз басымнан өтеді деп ешқашан ойламаппын.
Бір күні анам, әпкем үшеуміз шаруаларымызбен жақын маңдағы нотариусқа бардық. Кеңседе шамамен 65 жасқа таяған бір тәте отыр екен. Анамның жеке мәліметтерін сұрай отырып, бізбен көрші ауылдан екенін білді. Әңгіме арасында ата-тегімізді сұрап, апамызды танитынын айтып қалды.